Confirmed on the employer's own hiring board on Nov 14, 2026. First seen by Alion on Nov 11, 2026.
Qazaqsoft компаниясына бизнес-ассистент / Junior BizDev & Content Manager іздейміз!
Өтініш, хабарландыруды соңына дейін мұқият оқып шығыңыз!
Жалақы: 200 000 ₸ + бонустар | Алматы | Гибридті формат
Сәлем! Мен Ерболат Мамен, Qazaqsoft IT-компаниясының негізін қалаушысымын (Astana Hub резиденті) және AI зерттеушісімін.
Біздің компания сайттар, мобильді қосымшалар әзірлеумен және бизнеске AI-агенттер енгізумен айналысады.
Қазір өзіме «оң қол» болатын жауапкершілігі жоғары, бастамашыл әрі өз бетінше жұмыс істей алатын адам іздеп жүрмін.
Негізгі мақсат - менің жеке брендімді дамыту, компанияның маркетингін күшейту және Қазақстан мен халықаралық нарықтан жаңа клиенттер тарту.
Қандай жұмыстар атқарасыз?
-
AI арқылы контент дайындау: Instagram, Threads және LinkedIn парақшаларыма менің ойларым мен идеяларым негізінде посттар әзірлеу және жариялау. Контент дайындау жұмысының шамамен 70%-ын ChatGPT, Claude және басқа AI құралдарының көмегімен жасауға болады.
-
Контентті екі тілде жүргізу: Жеке брендімді қазақ тілінде, ал компанияның бизнес-аккаунттарын орыс тілінде (кейде ағылшын тілінде) жүргізу.
-
Lead Generation (клиент іздеу): LinkedIn және басқа платформалар арқылы әлеуетті клиенттерді табу, cold email жазу, коммерциялық ұсыныстар дайындау және кездесулер ұйымдастыру.
-
Маркетинг: Компанияны дамытуға қатысты жаңа идеялар ұсыну, клиент тартудың түрлі жолдарын сынап көру және нәтижелерін талдау.
-
Әкімшілік жұмыстар: Сайттағы ақпараттарды жаңарту, жобалар бойынша ұйымдастыру жұмыстарына көмектесу және шағын тапсырмалардың орындалуын қадағалау.
Кімді іздейміз?
-
IT немесе маркетинг бағытында оқитын 3-4 курс студентін, магистрантты немесе университет түлегін. КБТУ, SDU, МУИТ, IITU және басқа техникалық университеттердің студенттеріне басымдық беріледі.
-
Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген, екі тілде де сауатты әрі қызықты мәтін жаза алатын адамды.
-
ChatGPT, Claude және басқа AI құралдарын қолдана алатын немесе оларды тез меңгеруге дайын адамды.
-
IT-бизнес, сайттар мен мобильді қосымшалардың қалай жасалатыны туралы бастапқы түсінігі бар адамды.
-
Уақытын дұрыс жоспарлайтын, тапсырмаларды үнемі еске салмай-ақ орындайтын, дедлайнды сақтайтын жауапты адамды.
-
Бастамашыл адамды: тек тапсырма күтіп отырмай, өзі идея ұсынып, мәселенің шешімін тауып, жұмысты нәтижеге жеткізе алуы маңызды.
Маңызды: Себебі бізге жұмысқа жеткілікті уақыт бөліп, жауапкершілік ала алатын адам қажет. Оқумен қатар алып жүруге болады, бірақ жұмыс сапасы мен дедлайн сақталуы тиіс.
Біз не ұсынамыз?
-
Жалақы: 200 000 ₸ + бонустар. Әрбір тартылған жаңа клиент үшін қосымша бонус қарастырылған.
-
Алғашқы 1 апта - ақылы стажировка. Осы уақыт ішінде жұмыс барысымен танысып, нақты тапсырмалар орындап, бір-бірімізге қаншалықты сай келетінімізді бағалаймыз.
-
Бір аптадан кейін жұмыс нәтижесіне қарай тұрақты түрде бірге жұмыс істеу туралы шешім қабылдаймыз.
-
Икемді жұмыс кестесі: Тапсырмалар уақытында әрі сапалы орындалса, оқумен қатар алып жүруге мүмкіндік бар.
-
Гибридті формат: Жұмыстың бір бөлігін қашықтан орындауға болады.
-
Жеке менторлық: IT-бизнес құру, оны масштабтау, AI құралдарымен жұмыс істеу және клиент тарту бойынша өз тәжірибеммен тікелей бөлісемін.
-
Нақты жобалар: Әртүрлі саладағы клиенттермен жұмыс істеп, IT-компанияның дамуына тікелей қатысу мүмкіндігі.
-
Карьерлік өсу: Болашақта Project Manager, BizDev Manager немесе жеке бағыттың жетекшісі деңгейіне дейін өсуге мүмкіндік бар.
Неліктен бұл жақсы мүмкіндік?
Бұл жай ғана тапсырма орындайтын ассистенттің жұмысы емес.
Сіз IT-компанияның негізін қалаушысымен тікелей жұмыс істеп, бизнестің ішкі процестерін, клиенттермен қарым-қатынасты, маркетинг пен сатылымды тәжірибе жүзінде үйренесіз.
AI құралдарын күнделікті жұмыста қолданып, нақты бизнес-жобалардың қалай дамитынын көресіз.
Маған тек айтқанымды орындайтын қызметкер емес, уақыт өте келе компанияның жеке бағыттарын өз бетінше басқара алатын сенімді әріптес керек.
Бұл - толыққанды жұмыс орны. Алғашқы апта ақылы стажировка ретінде өтеді, содан кейін нәтижеге қарай ұзақмерзімді әріптестік туралы шешім қабылдаймыз.
Қалай өтініш беруге болады?
Маған жеке хабарлама жазыңыз.
Маңызды: Өтініш білдіргеннен кейін шағын тест тапсырмасы беріледі. Оны орындауға дайын болыңыз. Бұл - іріктеудің міндетті кезеңі. Тапсырма арқылы сіздің қабілетіңізді, өз бетіңізше жұмыс істеу дағдыңызды және AI құралдарын қаншалықты тиімді қолдана алатыныңызды бағалаймыз.
Бізге жай ғана жұмыс іздеп жүрген емес, IT-бизнесте тәжірибе жинап, кәсіби тұрғыда өсуді қалайтын адам қажет!

